Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Кафедра туралы

1979 жылы философия кафедрасы  жеке өз алдына кафедра ретінде болініп шықты.Аталмыш кафедраның алғашқы меңгерушісі ,сол кездері жас ғалым,философия ғылымының кандидаты,доцент С.А.Қолдыбаев болды.Сол жылдары кафедрада – А.К.Катенов, И.К.Симонов, Л.Ю.Юзефович, О.Н.Кунгуров,О.К.Абултаева,С.А.Антонюк,И.А.Янков,т.б. жұмыс істеді.

 

1984 жылдан 1987 жылддар аралығында кафедраны философия ғылымының кандидаты,доцент О.Н.Кунгуров басқарса,кейін 90-шы жылдардың басына дейін қайтадан С.А.Қолдыбаев өз қолына алды. 1991 жылдан кафедраға философия ғылымының докторы,профессор С.Қ.Мырзалы басқарды,ол 2004 жылы қызметінің Алматыға ауысуына байланысты философия ғылымының кандидаты,доцент Б:Р.Кожухова /Қостанай ауылшаруашылығы институтының университет құрамына біріктірілгенінен кейін/ басқарды.

 

2004 жылдың ортасынан бастап философия кафедрасын саясаттану және әлеуметтану кафедрасымен біріктіріліп, философия кафедрасы деген жалпы атаумен көрініс тапты. Нәтижесінде,кафедра құрамында бүгінге дейін 17-оқытушы жұмыс істеп келеді,соның ішінде 5-ғылым кандидаты,1-ғылым докторы бар. Сондай-ақ,кафедрада философия ғылымының кандидаты,доценттер Қ.Х.Жақып,Ю.Я.Бондаренко,Н.А.Карпова,Качеев Д.А.,тарих ғылымының кандидаты Н.Г:Титаренко.,аға оқытушылар мен қатардағы оқытушылар – Л.С.Ахметова,  О.В.Великая, Ғ.Ш.Есбол,  М.Қ.Кәкенов, О.К.Қабұл,С.Ә.Қасымсейітова,  З.М.Назарбекова,   О.И.Чепига  айтарлықтай табысты да жемісті еңбек етіп келеді.

 

Кафедраның ардагерлері ретінде біз ондаған жылдар бойы кафедраның қалыптасуына өздерінің қомақты үлестерін қосқан,табыстар әкелген – О.К.Абултаева, Ө.С.Досаев, Ю.Я.Бондаренко және Қ.Х.Жақыпты мақтанышпен айта аламыз.


PDF