Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тарихы

Факультеттің дамуы тарихы мал шаруашылығы саласында біздің өңірде  ветеринарлық мамандардың жетіспеушілігін аңғартады. Мал шаруашылығы саласын жоғары білікті мамандармен қамтамасыздандыру үшін Қостанай ауылшаруашылық институтында 1994 жылдың 1 қыркүйегінде ветеринариялық факультет ашылды. Факультеттің бірінші деканы профессор Гершун В.И. тағайындалды, оның басшылығымен үш кафедра мен ондаған жаңа мамандырылған оқу зертханалары ашылды. Факультет корпусы мен клиникасы, мұражайлар (анатомиялық, паразитологиялық және т.б.) және виварий құрылды. 2001-2006 жылдар аралығында факультетті доцент Тегза А.А., 2006-2011 жж.-профессор Муслимов Б.М. , 2011 жылдан бастап – доцент Байкенов М. Т., 2015 жылдан бастап –профессор Тегза А.А

 


Профессор Гершун В.И.,

Факультеттің бірінші деканы

1994-2001 жж.

 

 

Профессор Тегза А.А.,

факультет деканы

 2001-2006 ж.ж.,

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін

 

 

Профессор Муслимов Б.М.,

факультет деканы

2006-2011 ж.ж.

 

 

Доцент Байкенов М. Т., 

 факультет деканы 2011-2014 жж.


 

 

Қазіргі уақытта факультетте үш түлек шығарушы кафедралар бар: ветеринарлық медицина кафедрасы (кафедра меңгерушісі Аубакиров М.Ж.), ветеринарлық санитария кафедрасы (кафедра меңгерушісі Исабаев А.Ж.)  және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы (кафедра меңгерушісі  Шайкамал Г.И.).
Факультетте 4 мамандық бойынша мамандарды (бакалавриат) дайындау жүргізіледі: 5В070100-Биотехнология, 5В080200- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы,  5В120100-Ветеринариялық  медицина, 5В120200-Ветеринариялық  санитария.        


Факультет ұжымы жоғарғы оқу орнынан кейінгі 3 мамандық бойынша ғылыми-педагогикалық бағытындағы  магистранттарды даярлайды: 6М120100-Ветеринариялық медицина, 6М120200-Ветеринариялық санитария және  6М080200- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Магистратурамен қатар PhD докторларын келесі бағыттары  бойынша даярлау жүргізіледі: 6D120100-Ветеринариялық медицина, 6D120200-Ветеринариялық  санитария және  6D080200- Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.
Соңғы жылдарда факультеттің ғылыми-педагогикалық әлеуеті (потенциал) өсті, Қазіргі уақытта ВжМТФ 8 профессор, ғылым докторлары: соның ішінде 6 ветеринария ғылымдарының докторлары Наметов А.М, Гершун В.И., Ибрагимов П.Ш., Пионтковский В.И., Тегза А.А., Тағаев О.О. және 2 ауылшаруашылық ғылымдарының докторлары Муслимов Б.М. пен Найманов Д.К.
Факультетте  хирургия (проф. А.М. Наметов), листериоз (проф. В.И.Гершун), санитария (проф. Ибрагимов П.Ш.), туберкулез бен бруцеллез (проф. В.И. Пионтковский) проблемаларын шешетін ғылыми мектептер құрылған. Профессорлармен қатар ғылыми-педагогикалық жұмысқа доценттер, ғылым кандидаттары өз үлестерін қосады: Байкенов М.Т., Туякова Р.К., Шайкамал Г.И., Здерева Л.Б., Исабаев А.Ж., Байкадамова Г.А., Кулакова Л.С., Сулейманова К.У., Селунская Л.С., Унайбекова Р.К., Тегза И.М., Папуша Н.В., Круталевич А.А., Айсин М.Ж., Брель-Киселева И.М., Кауменов Н. С., Батырбеков А. Н., Сапа В.А., Кульпиисова А. А., және т.б.


Факультет оқытушылары оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолданады:   проблеммалық мазмұндманың әдіснамасы, презентациялар, дискуссиялар, топтағы жұмыстар, критикалық өйланудын әдісі, викториналар, іскерлік және рольдік ойындар, блиц-сураныс,  мозговой штурм және т.б.


Факультеттің профессорлық – оқытушылар құрамы жыл сайын түрлі ЖОО мен ғылыми орталықтарда мамандықтарының біліктілігін жоғарылатады: профессор, в.ғ.д. Тегза А.А. (Ляпцига Униврситеті (Берлин, Германия)), Литвалық ғылым және денсаулық университеті (Каунас, Литва)); доцент, б.ғ.д. Сулейменова К.У. (Литвалық ғылым және денсаулық университеті); доцент, в.ғ.к Рыщанова Р.М. (Пизан университеті (Италия)); доктор PhD, в.ғ.к. Аубакиров М.Ж. (Ауылшаруашылық ғылымдарының Ресейлік академиясыдағы ветеринарлық энтомология және арахнология бойынша Бүкіл Ресейлік Мемлекеттік ғылыми мекемесінің ғылыми – зерттеу институты (Тюмень));Доцент, в.ғ.к. Селунская Л.С. (Білім тарату орталығы); аға оқытушы, в.ғ.к. Батырбеков А.Н. (Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (Алматы)); аға оқытушы, в.ғ.к Кауменов Н.С. ( С.Сейфуллин атындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті (Астана)); аға оқытушы Шайкамал Г.И., аға оқытушы, к.с.-х.н. Бугубаева А.У. (ФГОУ ВПО Оренбург ұлттық аграрлық университеті (Оренбург, Россия));аға оқытушы, к.с.-х.н. Брель-Киселева И.М. (ФГБОУ ВПО «П:А Костычев атындағы Рязан ұлттық агротехникалық университеті» (Рязань, Россия)); аға оқытушы к.с.-х.н. Тегза И.М. (ЖШС «ҚазҒЗИ мал шаруашылығы және жем беру шаруашылығы» (Алматы)); аға оқытушы, м.с.-х.н. Досумова А.Ж. (ЖШС «СолтҚазҒЗИМжәнеӨ» (Солтүстік Қазақстан облысы)); оқытушы, э.ғ.м Бекболатова А.Т. (AKADEMIA OBORONY NARODOWEJ WYDZIAL ZARADZANIA I DOWODZENIA Warzawa (Польша).


Факультет ғалымдары келесі оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары: «Ветеринариялық гигиена», «Тамақтану гигиенасы», «Санитариялық микробиология», «Аса қауіпті  инфекциялық  аурулар», «Ветеринариялық гигиена практикумы», «Жануарлардың патологиясы», «Жануарлардың инвазиялық аурулары», «Жалпы хирургия», «Солтүстік Қазақстанның ірі қара малының өнімділігін арттыру әдістемесі», «Жануарлар мен құстардың карантиндық аурулары»  және т.б. Мектеп оқушылары үшін ғылыми-танымдық кітаптар: «Біз жануарларды емдейміз», «Үй жануарлары» және т.б. шығарылған.
Қалыптасқан дәстүр бойынша факультетімізде студенттерге арналған ғылыми үйірмелер жұмыс жасайды. Үйірмеде білім алушылар ғылыми ізденістерін және нақты тақырып бойынша білімдерін жетілдіреді. Арнайы мамандырылған үйірмелерде білім алушылар түрлі тақырыптардағы баяндамаларын қорғай отырып, ғылыми шығармашылықта өз тәжірибелері жетілдіріп қана қоймай, өз көзқарастарын дәлелдер, жеңіс шыңынан көрінуге үйренеді. Олар «жас Өркен», «Парасатты жастар» атты студенттік бизнес – бағдарламалар сайсына және т.б. қатысады.  Сонымен қатар, білім алушылардың және магистранттардың шетелдерде білім алып, тәжірибеден өту мүмкіндігі бар (Германия, Италия, Польша, Чехия және т.б.)

 

Ветеринарлық дәрігерлердің бірінші түлектерін шығару жөніндегі мемлекеттік біліктілікті комиссияның отырысы. ортасындағы –комиссия төрағасы  Б.К. Калиев 

 

 

 

 

Ветеринарлық дәрігер мамандығының  бірінші түлектері (1997ж.)


PDF