Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Ньютон-Әль-Фараби» атты қазақстан-британдық бағдарламасының көлемінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да Кәсіби даму Орталығының қарым-қатынасы (Professional Development and Engagement Centre)

2015 жылы  «Ньютон-Әль-Фараби» атты қазақстан-британдық бағдарламасының көлемінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да Кәсіби даму Орталығы (Professional Development and Engagement Centre) ашылды.

Қазақстан  экономикасының дамуын қолдау үшін  Қазақстан мен Ұлыбритан Үкіметі «Ньютон-Әль-Фараби» атты  серіктестік  бағдарламасы негізінде, елдер арасындағы мемлекеттік мекемелер, ғылыми-зерттеу ұйымдары,  жоғары оқу орындары, компаниялар мен кәсіпорындармен зерттеу мен инновация саласында  қарым-қатынас жасау үшін  бірігіп қаржыландыруының негізін қалады.

«Ньютон-Әль-Фараби» атты  бағдарламасының  басшылары  Ұлыбритания British Council (Британдық Кеңес) пен  Қазақстан  жағынан «Ғылым қоры» болып табылады.

«Ньютон-Әль-Фараби» атты  серіктестік бағдарламасы кәсіби  даму мен  қарым-қатынас жасаудағы  мақсат- бағыттарының   бірі - Қазақстан дағы ғылыми - зерттеу қызметтерін қолдау мен зерттеудің нәтижесін көтеру болып табылады.

Осы аталған British Council және «Ғылым қоры» АҚ бағдарламаның бағыттары көлемінде Қазақстанның түрлі аймақтарында жоғары оқу орындары мен  ғылыми-зерттеу ұйымдарының көмегімен сегіз кәсіптік білім беру орталығы, оның ішінде Қостанай облысы А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің негізінде құрылды.

2015 жылдың 21-23 қазанында Қостанайдағы Кәсіби даму орталығының (Professional Development and Engagement Centre) тұңғыш іс-шарасы – зерттеушілердің біліктіліктерін көтеру Researcher Connect атты үшкүндік тренингі.

Тренингте сөз сөйлегендер, шақырылған қонақтар Айгерим Шилибекова (Л. Гумилев атындағы ЕҰУ) және Тара Митчелл (халықаралық  жаттықтырушы, British Council).

Researcher Connect – интерактивті оқыту курстары зерттеу қызметінің  кез-келген сатысында және академия саласында жұмыс істеп жүрген зерттеушілерге арналған. Бұндай халықаралық  деңгейдегі курстар кәсіби  дамуын  жақсартуға бағытталған.

Бәсеке мен нарықтың тақалып тұрған заманында зерттеушілер мен  ұйымдар өз зерттеулерін халықаралық аудиторияда көрсете ала білу тиіс.

Сондықтан,  өз зерттеулерін дамытуда зерттеушілер халықаралық журналдарға басылымдарын жіберу, халықаралық  конференцияларда баяндамаларымен шығу, зерттеулерін қаржыландыру, ұлттық және  халықаралық сайыстарда қатысуға тапсырыс беру, халықаралық қарым-қатынас жасау, негізгі коммуникативтік дағдыларын дамыта алулары тиіс.

Тренингте Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың 9 өкілі қатысты: Денис Качеев, Вячеслав Годунов, Айкумис Абдибекова, Юрий Мартынюк, Гульмира Абилева, Гульнара Юнусова, Асель Сарбасова, Наталья Савойская, Маргарита Тричик.

Тренинг қатысушылары  осы алған білімдері мен коммуникативтік дағдыларын болашақта зерттеу қызметтерінде  жүзеге асыра алады дейді.

Нәтижесінде, тренингте қатысқан ғалымдар өз мекемесінің зерттеу сапасы, рейтингін көтере алады және халықаралық зерттеу қоғамында көрсете біледі. 

Кәсіби даму орталығы және Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі Newton-Al-Farabi атты серіктестік бағдарламасының қарым-қатынасымен Қостанай облысы бойынша зерттеушілерінің салаларына сәйкес тақырыптары, қазіргі заманға сай тренингтер мен мастер-класс өткізулері, шетелдік әріптестермен қарым-қатынас жасаулары, инновациялық ғылыми әзірлеме жасауларына көмек көрсетулері жоспарланып тұр.

«Ньютон-Әль-Фараби» атты бағдарламасымен http://www.britishcouncil.kz/ru/newton-al-farabi  сайтында  танысуға болады.   

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да Кәсіби даму орталығы мен «Ньютон-Әль-Фараби» атты қазақстан-британдық бағдарламасының Үкіметаралық қарым-қатынас  іс-шараларында қатысқандардың пікірлері

  

Денис Качеев, Философия ғылымдарының кандидаты, тарих ғылымдарының магистры,

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың философия кафедрасының аға оқытушысы.

 Өткен workshop қызықты да тиімді болды. Барлық қатысушылар үшін тілдік дағдыларын жақсартуға жақсы  мүмкіндік туды,  ұжымда жұмыс істей алуға тәжірибелерімен алмасып, көптеген жаңалықтармен танысты.       Осы өткен сабақтарға қатысып, өзіме бірнеше жақсы идеялар келді. Келешекте осы идеяларды өзімнің ғылыми жұмысымда  және де оқытушылық қызметте жүзеге асыруға тырысамын.       Мен осы іс-шара ұйымдастырушылары мен тренерлеріне жаңа ілім-білімдерімізбен бөліскендерімізге мүмкіндік жасағандары үшін үлкен алғыс айтамын.  

 

Наталья Савойская,
ф.ғ. к., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің шетел филология кафедрасының доценті.

Newton- Al-Farabi атты зерттеу грантына тапсырыс жасау сұрақтарына арналған  семинарға қатыстым. Семинар өте ұнады. Дәріс берушілер өте тамаша адамдар екен. Семинардың ұйымдастырылуы жағына өте риза болдым. Қарым-қатынасты дамытып және кәсіпқойлардың бастарын  қосып, осындай іс-шаралар өткізіп тұру өте маңызды деп ойлаймын.

 

Вячеслав Годунов, э.ғ.к., А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің қаржы және банктік іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы.

Осы аталған Орталық өз қызметін жаңа ғана бастап жатыр. Білуімше, Орталық  Қостанай облысы университеттерінің қызметкерлеріне білім беру семинарларын өткізіп, Қазақстан мен Ұлыбритания елімен ғылым саласында қарым-қатынастар жасауда.  

Мен осы бойынша, Орталықта зерттеушілерге арналған семинар туралы жіберген хабарландыруына өз қызығушылығымды білдірдім.   

Күн тәртібіндегі сұрақтар грант алу үшін ғылыми жұмысты жоспарлау, іскери қарым-қатынастар мен  іскери байланыстар жұмысын жақсартуға арналған тақырыптар болды.

Орталықтың мақсаты мен қызметі үлкен маңызды  жұмыс болып тұр. Өйткені біз үшін тілді тұлғамен қарым-қатынас жасауға, халықаралық деңгейдегі кәсіпқой тренерлерімен, ғылыми саладағы тәжірибелі адамдардан үлгі алуға мүмкіндік туып тұр. 

Семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

Енді болашақта ғылыми зерттеулерге байланысты  жаңа, қызықты  тақырыптар тренингтерін күтеміз.

 

Гульнара Юнусова, т.ғ.к.,

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дің экология кафедрасының меңгерушісі

 

 

Орталық  университетте жақын арада ғана жұмыс істей бастады.

Өзім Researcher Connect атты семинардың қатысушысы болып, Орталық жайлы сонда ғана білдім. Семинардың  бағдарламасы маған  өте ұнағандықтан, сайысқа қатысамын деп шештім.      

Семинар тиімді де және жақсы ұйымдастырылған. Өзім бұрын жазған жобаларда  назар аудармайтын жерлеріне көптеген тиімді  нәрселер алдым. 

Семинар барысында басқа қызметкерлер туралы айта алмаймын, ал Орталық координаторы Маргарита Тричик өз мейрімділігімен үлкен әсер етті. Меніңше, Орталық бір ерекше үлкен әсер беретін мақсаттармен құрылды, ал тілейтінім сол қойған мақсаттары жүзеге асырылсын. Бірге жұмыс істеуге дайынбыз. 

 



PDF