Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоцияациясының I Форумының алқалы жиыны

 

 

 

2012 жылдың маусым айында  А.Байтұрсынов атындағы   ҚМУ қамқоршылары  және  түлектері Ассоциациясының бірінші алқалы жиыны болды. Оған  Қазақстанның  өзге аймақтарынан, басқа  да республикалардан, ТМД елдері  мен  Германиядан келген  жалпы  саны 350 шақты  адам  қатысты. Әр түрлі  кезеңдерде  бітірген  түлектер, бүгінде  іргелі  ұйым   басшылары, мемлекеттік мекемелердің және бизнес-құрылымдары саласында қызмет  атқаратын  қамқоршылық алқасының  мүшелері  білім  беру үдерістерін жетілдіру  мен жаңғырту  барысы  туралы  көптеген келелі  мәселелерді  талқылауға қатысты.


 

 

 

Аталған алқалы жиынға Қостанай облысы әкімінің орынбасары, ҚМУ түлектің және ҚМУ қамқоршыларының Ассоциациясы Кеңесінің төрағасы С.Ш. Бектұрғанов, түлектер мен қамқоршылар Ассоциациясының кеңесінің мүшелері, факультет қамқоршылары кеңесінің мүшелері, ғылыми кеңес мүшелері және университет профессорлары кеңесінің мүшелері, бизнес-құрылым басшылары, 2012 жылдың түлектері, Ұлы Отан соғысы мен еңбек ардагерлері, жастар ұйымдары қатысты.

 

 

 

 

Жоғарғы оқу орнының имиджі оның AlmaMater-ды құрметтей отырып, университетпен өзара тиімді белсенді қызметтестікке кірісетін тәрбиеленушілерінің жетістіктеріне байланысты екенін біле отырып, алқалы жиынның қатысушылары өзара әрекеттестіктің әр түрлі нысандарына дайын екенін жариялады, соның ішінде ғылыми жобаларды өзара бірлесе жүзеге асыру, дарынды студент және перспективалы жас ғалымдарды қаржыландыру, материалды-техникалық базаны   нығайту, оқу-тәрбие барысына қатысу, ғылыми және өндірістік тапсырыстарды орналастыру.

 

 

Алқалы жиында іА. Байтұрсынов атыңдағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылар Ассоциясының ережесі бекітілді. Алқалы жиынға қатысушы барлық университет түлектеріне Ассоциацияға кіру жайлы жолдауы ескерілді. Мұнан былай университеттің іргелі дәстүрлерін лайықты жалғастыру үшін корпоративтік рухты күшейту мен сақтауға мүмкіндік туғызып, жас жігіттер мен қыздарға  экономиканың шынайы секторымен жұмыс істеуге арналған дайындығы барысына елеулі ықпал етуге жағдай туғызады.

 

Алқалы жиында түлектер Ассоциациясына кіру ережелері өңделді. Мамандарды  дайындау барысында  Ассоцияция мүшелері сапалы маман дайындау ісін жетілдіру туралы өз ұсыныстарын университетке жолдайды. Жас мамандарды жұмысқа орналастыру  барысы ғылыми зерттеулерді енгізу және бірлескен жобаларды  жүзеге  асыру  туралы ұсыныстарды енгізіп  отырады. 

 

 

ҚМУ түлектері мен қамқоршылар Ассоцияациясы қызметінің міндеттерін жүзеге асыру үшін Университетті дамыту  (эндаумент-фонд), қоры қоры құрылды.  Қордың   иелігіне  түскен  табысы студенттердің  арнайы  мақсаттағы оқуына, ғылыми зерттеулерді қолдауға, университеттің инфрақұрылымын жақсартуға, кадрлық потенциалды дамытуға, оқу үдерісін жетілдіруге  т .б. қажеттіліктерге бөлінетін  болады.

 

Осы жиын  барысында ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоцияациясы ассоциацияның басқармасының үздіксіз жүргізіліп  отыратын жоғарғы Кеңес одағы сайланды. ҚМУ тулектері мен қамқоршылары Ассоциациясы Кеңесі одағының жұмысын облыс әкімнің тапсырмасы бойынша, облыс әкімдігінің Қостанай облысы әкімнің орынбасары С.Ш. Бектұрғанов басқаратын болды.

ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоцияациясының Кеңестік мүшелігіне14 алдыңғы  катарлы  ірі  корпорациялардың, холдингтердің, акционерлік одақтардың бірінші  бастықтары мүше  болып сайланды. 

 

 

ҚМУ түлектері мен қамқоршыларының бірінші алқалы жиының бағдарламасымен мына жерде танысуға болады.

.

 

 

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоцияациясының  I Форумына қатысушылардың үндеуі

 

 

 

Біз, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоцияациясының I Форумына қатысушылар, университеттің  көркеюі  мен дамуында мүдделіміз  және кез  келген  жаңа бастамалы идеяларын  ыстық  ықылысымызбен  қолдаймыз.

Біздің мемлекетімізде қолданыстағы өндірісті жаңа модернизациясына бағыттайтын индустриялық-инновациялық дамытудың бағдарламасы жүзеге асып  отыр. Аграрлық-өнеркәсіптік кешен шын  мәнінде жаңғыртылуда. Қазақстан Республикасында болып жатқан экономиканы қарышты  дамыту бағытындағы  түбегейлі бастаулар үшін  қоғамда  кәсіби  білікті мамандар даярлау  талабы артып  отыр. Қазіргі жоғары оқу орындары сондай заманауй  қажетті мамандармен қамтамасыз  етуі қажет.

А.Байтұрсынов  атындағы Қостанай мемлекеттік университеті  осы бағытта  бірнеше жыл қатарынан жемісті  жұмыс атқарып  келеді.

Қазіргі  корпоротивтік басқару  жүйесі құрылымының  бір  үлгісі ретінде,

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоцияациясы  мамандарды  даярлаудың жүргізіліп  отырған  реформаларына  сәйкес, өз  қарамағындағы  бірлестіктерімен ортақтаса  келіп, өз қамқорлығын  көрсете  алады.

Осыған   орай, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоцияациясы I Форумына  қатысушылары  Қазақстан Республикасының  болашағына  немқұрайлы  қарамайтын, Қостанай облысы  аймағы  бойынша   мақсатын  біріктіре ортақтастырып  отырған   университетінің  тағдырына, келешегін өркендету  бағытында  өз  үлестерін қосу үшін осы  өңірдің  әрбір азаматтарына

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ түлектері мен қамқоршылары Ассоцияациясына   мүше болуғашақырады. Бұндай  байыпты  іс  біздің түлектеріміздің әлемдік ғалам кеңістіктерін  игерудегі стандарттарды  меңгеруде  дүниежүзілік  деңгейде экономика секторында өзгелермен тайталаса  алатын жігіттер  мен қыздарымыздың  білікті де білімді болуының  кепілі  болмақ.

Біз  университетпен тығыз    ынтымақтастығымызды  қалыптастыра  отырып, өзара  бірлескен  ғылыми жобалардың  жүзеге асырылуына,  болашағынан  зор  үміт  күттіретін,дарынды студентті  және    жас ғалымдарды  қаржыландыруға университеттің материалдык-техникалык базасын нығайту барысына,  сондай-ақ , оқу – тәрбиелік үдерістеріне қатысуға, ғылыми және өндірістік тапсырыстарына ортақтаса қарым - қатынас жасауға әзір екендігімізді  білдіреміз.

2012 жылдың 8 маусымында Форумға  қатысушы түлектер мен қамқоршылар Ассоцияациясы құрылған кенестің  алдына  маңызды  мақсат  қоя  алатын жан- жақты  даму негіздерін  қалыптастыратын адамдарды  баптайтын маңызды әлеуметтік институт құрылғандығына  нық  сенімді. 

Университет  пен Ассоцияацияның бірлесе ұйымдастырылған ұжымдық  жұмыстары  корпоративтік рухты  асқақтатады және оны  өркендете отырып  өзінің тамаша дәстүрлерін сақтап,  нығайта  түсетіндігіне кәміл  сенімдіміз. 

 


PDF