Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Сырқатсыз ба - емдеп жазамыз

Дәрігерлердің анықтауынша, соңғы үақыттарда студенттердің жалпы денсаулығы,тіптен қазіргі барлық жастардың денсаулығы нашарлауда. Бұл жағдай болашақ мамандарға деген қажеттіліктің өсуі кезінде туындап отыр. Сондықтан  студенттердің денсаулығын жақсы деңгейде сақтау үшін алдыналу және арнайы сауықтыру іс-шараларын жұргізіп отыру керек.

 

Осы әрекеттермен Қостанай мемлекеттік университетінің (ҚМУ) алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы айналысады. Негізгі бағыт салауатты өмір сүруді әдетке айналдыру: күнделікті спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден  бас тарту. Салауатты өмір сүру - әр түрлі ауру - сырқаттардың алдын алудың негізі.

 

ҚМУ медициналық орталығы қызметкерлерінің  шешімі мен қызметінің ең негізгі игілікті  міндеті университет студенттері мен ұжым оқытушылары, қызметкерлерінің денсаулығын сақтау. Медициналық орталық жұмысының негізгі бағыты - қауіпті, күрделенген, асқынған созылмалы аурулардың пайда болу мүмкіндігін  байқап, аурудың алдын алуды хабарлап отыру.

 

ЖОО студенттерінің  денсаулығына келтірілген  зиян окуға қабылданбастан бұрын болуы мүмкін. Студенттердің медициналық орталықпен алғашкы танысуы  қабылдау комиссиясы жұмысы мерзімінде медициналық орталық қызметкерлерінің  медициналық анықтамалық тіркеу және түсіндіру жұмысын жүргізу кезінде басталады.

 

Медициналық орталықпен  екінші таныстық міндетті медициналық тексеру кезінде басталады. Жыл сайын қыркүйек айында бірінші  курс студенттерінің медициналық тексеруі өткізіледі. Медициналық тексеру кезінде денсаулығы нашар, асқынған немесе созылмалы аурулармен ауыратын студенттер анықталып, тіркеуге алынады және динамиқалық бақылаүда болады. Өз уақытында диспансерлік жолмен тиімді ем қабылдайды. Медициналық тексеру кезінде студенттер терапевт, хирург, невропатолог, окулист және тағы баска мамандармен кездеседі. Егер барлығы "дені сау" дейтін болса студент негізгі дене шынықтыру тобына түседі; ал егер қандайда бір сырқаты болса, онда студент арнайы  дене шынықтыру тобы - емдік сауықтыру тобына анықталып белгіленеді.

 

Қостанай мемлекеттік университеті Қостанай облысының денсаулық сақтау Департаментінің  бұйрығы бойынша медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Қостанай каласындағы №1 емханаға бекітілген. Өйткені ҚМУ ірі ЖОО-ның бірі және оның көптеген студенттері қалалык емес.

 

ҚМУ медициналық орталығына университеттің барлық студенттері  дәрігерлік көмек сұрап бара алады.

 

Вакцинация (жұкпалы аурулардан сақтану үшін алдын ала жасалатын шаралар) - медициналық анықтама немесе ЖОО-ға кабылдану кезіндегі міндетті  құжаттар тізімі болып табылатын егу кітапшасы негізінде кұрастырылған жоспарға сәйкес жүргізіледі.

 

Туберкулез - созылмалы жұкпалы ауру ретінде ұлттың маңызды келелі мәселесі. Қазіргі таңда да өзектілігі жоғары, мемлекет  пен қоғам көз жазбай көңіл аударып отырған  объект болып табылады. сол себептен  ҚМУ-дың барлық студенттері жыл сайын тегін флюорогафиялық медициналық тексеруден өтеді. Бұл үшін №1 емхананың  жылжымалы флюроқондырғысы қолданылады.

 

Әр оқу жылында  университеттің медицина қызметкерлері «Сункар» спорт клубы ұйымдастырған жарыстарда қызмет көрсетеді. Ай сайын медициналық кеңес тарату мақсатында денсаулыкты сақтау және нығайту, жастардың  санитарлық - гигиеналық мәдениетін көтеру үшін дәрістер, әңгімелесулер және тағы басқа санитарлық - ағарту жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін салауатты өмір сүру орталығының арнайы мамандандырылған дәріскерлері жұмылдырылады.  Қабырға қағаздары, стендтер  және әдістемелік әдебиеттер  қолданылады. Медициналық орталықтың қызметкерлері жүйелі түрде оқу ғимараттары, жатақхана коменданттары, техникалық қызметкерлер құрамына  санитарлық ережелерді, талаптарды сақтау мен орындау  туралы санитарлық нұсқаулықтар жүргізеді. Ай сайын  жатақхана студенттеріне тері аурулары, педикулезге байланысты  алдын ала тексеру шаралары жүргізіледі. Аптасына бір рет бөлменің  санитарлық жағдайына, тұрмыстық бөлме мен санитарлық тораптарға рейд жүргізіледі.  Қогамдық ортада өмір сүру заңдылығы мен жеке бас гигиенасын сақтау ережелері жөнінде түсіндіру  жұмыстары жүргізіледі. Қауып-қатер тудырушы факторлардың  (темекі шегу, алкоголизм, наркомания, дұрыс тамақтанбау) әсері мен салдары жайында әңгімелер өткізіліп тұрады.

 

КМУ медициналық орталығы оқу орны мен студенттер орналасқан аймаққа жақын кабинеттерге орналастырылған  үш медициналық бақылау орталықтарынан тұрады. Бірінші  медициналық бақылау орталығы  А. Байтұрсынов көшесі 47-де орталасқан бас ғимаратта, екінші медициналық бақылау орталығы Абай даңгылы 28-дегі спорттық сауықтыру комплексі ғимаратында, үшіншісі - Пушкин көшесі 138-дегі №1 Студенттер үйінде орналастырылған.

 

Жұмыс күнтізбесі:  с 9.00 - 18.00. Күнделікті  ағымды қабылдауды  басқарушы екі фельдше: Скоморохова Наталья Михайловна және  Осипчук Наталья Евгеньевна. Екі аймақтық дәригер бар, бірішісі №1 емханадан – Головачева Раиса Михайловна (ҚМУ медициналық бақылау орталығында қабылдау жүргізеді, Абай даңгылы - 28) және  Кудабаева Роза Молдабаевна (№1 емханада). Дәрігер стоматолог Кузбагаров Руслан Курманагалиевич медициналық бақылау орталығында (Пушкин көшесі - 138) қабылдау жүргізеді.


PDF