Студенттердің ас ішетін орны
Бәрімізге де мәлім, студенттер - әр қашанда қаражаты аз, кедей халық. Бірақ дегенмен де бәрімізге де тамақ ішу керек. Денсаулықтың кепілі ол нәрдің дұрыс режимі, оны білеміз бұзуға болмайды. Біздің университеттің өзінде және айналасында дәмді тамақ ішетін орын жеткілікті.
Университетте студенттер тамағынын комбинаты бар, оған «Барыс» студенттік кафесі, студенттік асхана және төрт буфет кіреді. Күнделікті мұнда 3000 жуық студенттер, оқытушылар және қызметкерлер тамақтанады. Ең бастысы тамақтардың бағасы қымбат емес, кез келген азамат дәмді әрі арзан тамақ іше алады.
Т амақтардың сапасы мен бағасы көңілге қонымды, бұрын ұзын сонар кезек болатын. Көптеген студенттер түскі ас уақытында тамақтанып үлгермейтін, сондықтан олар асханаға сабақ уақытында баратын, бұл кезегінде оқу үрдісіне кедергі келтірді. Енді оқу кестесіне өзгерістер кіргізілді. Әр бір топқа 4,5 немесе 6-шы сабақтардан соң сырғанақ бір сағаттық «терезелер» қойылады. Сондықтан студенттер кафеге әр түрлі уақытта келеді, ұзын сонар кезек мәселесі осылай шешілді.
Көптеген студенттер тамағының комбинаты жеке тұлғаның иелігінде деп санайды, бірақ бұл олай емес. Тамақ комбинаты толықтай мемлекеттікі. Азық - түліктер мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы алынады. Сондықтан тамақтар бағасы өте тиімді, әрі қаладағы басқа оқу орындарының ішіндегі ең арзаны.
Студенттер тамағы комбинатының директоры Ғабит Аманжуловтың сөзінше, мұнда ас мәзірі кеңестік асханадағыдай: бірінші, екінші тамақтар, салаттар, самсалар, шоколад және сусындар. Мұндай ас мәзірі әдейі дайындалған. Студенттер арасында асқазан және семіздік ауруларын болдырмау мақсатында гамбургерлер, чизбургерлер және хот догтар сатылмайды. Көп жылдық тәжірибесі бар кәсіби маман аспазшылар тамақ әзірлеуде, астың мейлінше үйдегідей дайындалуын қамтамасыз етеді.
Күнделікті асханаларда өз кезегін күтіп үймелеген студенттерді көптеп көруге болады. Олар еш өкінішсіз өздерінің қалаған асына өтем жасайды, өйткені бағалалары өте тиімді болғаны соншалықты, қалталарының азайғанын олар байқамайда қалады. Ең бастысы қызмет көрсетуші персонал өз істеріне мығым, сондықтан да болар студенттер сабақ арасындағы үзілістерде асханаға жиі барғанды ұнатады.
Ғабит Аманжулов комбинат жұмысшылары өте маңызды әрі жауапты қызметте екеніне сенімді: |
- Махаббат сезімімен дайындалып, күміс күлкімен ұсынылған ас-жанға дауа, ақзаға күш қуат береді. Біз студенттер мен университет қызметкерлері бізге тек өз еріктерімен шын көңілдерімен келіп, бізден тек денсаулық, көтеріңкі көңіл, жаңа күш алып кетулеріне бар күшімізді саламыз. Біз студенттер біздің кафе, асханаларда бір бірімен кездесіп, әңгіме дүкен құрысып өздерін өз үйлеріндегідей сезінсе екен дейміз. Бұның барлығы тек студенттер үшін. Біз оларды теңдестірілген, тойымды және дәмді аспен тамақтандыруға тырысамыз. Бізде әр түрлі кештер, мерейтойлар, туған күндер өткізуге болады, сондай - ақ, үйдегідей асқа, таңғы, түскі, кешкі астарға тапсырыс беруге болады. |
Кейбір студенттердің пікірі: |
Жанна: «Мен күнделікті асханада тамақтанам. Мені бағалары қанағаттандырады. Дәмді тамақтары үшін аспазшыларға алғыс айтқым келеді!». Дина: «Менің ойымша бағалары сәл жоғарылау секілді, бірақ барар жер жоқ. Маған ұнайтыны ас мәзірі әр алуан!". |
«Барыс» кафесі студенттер ортасында өте танымал. «Барыс» заманауи интерьерімен ерекшеленеді, сабақ арасындағы үзілістерде достарымен уақыт өткізуге келген жастар мұнда өздерін жайлы сезінеді. Бұл тамақ ішкісі келген аш студенттің ғана сүйікті орны емес, сондай-ақ, мұнда wi-fi жұмыс істейді, сол себепті тамақ ішіп отырып жұмыс істеуге, демалуға болады. |
«Білім орталығы» ақпараттық білім беру орталығындағы университет кітапханасында орналасқан асхана да студенттер үшін өте қолайлы. Егер сен кітапханада жұмыс істеп жатсаң, сол жерде ешқайда бармай-ақ, әрі арзан, әрі дәмді тамақтанып алуыңа мол мүмкіндік бар, сосын жұмысынды жалғай бер.
Студенттер сондай-ақ, заң, экономика, инженерлік-техникалық және ветеринарлық факультеттердегі буфеттерде де тамақтанып уақыт өткізгенді ұнатады. Мұндағы да жиһаздар ерекше атап өтуге болады. Жиһаздардың түр-түсі, келіс келбеті жақсы интерьердің арқасында мұнда да жақсы демалуға болады. Бұл жерде ыстық тамақ берілмейді, бірақ асханалардан көрі самсалардың түрлері көп, шоколад және сусындар бар. Бірінші және екінші тамақтар санитарлық талаптар бойынша ескерірмеген.
Қазір студенттерге барлық жағдай жасалуда, сондықтан да бұндай орындар - Жастардың дұрыс жақсы тамақтануының кепілі болмақ. Қысқа мерзімді болашақта университет басшылары жатақханаларда - №1,№2 студенттер үйлерінде тамақтану бөлімдерін ашу жоспарлап отыр. Жоспар бойынша жалпы орын саны - 60.
«Барыс» студенттер кафесі, Байтұрсынов көш., 47, 1А ғимарат , жертөле қабаты, 150 орындық, жалпы аумағы – 866 м2. Қызмет көрсететін факультеттері: әлеуметтік-гуманитарлық, заң, ақпараттық технологиялар.
«Білім орталығы» ақпараттық білім беру орталығындағы студенттер асханасы, Абай даңғылы, 28, 120 орындық, жалпы аумағы – 448 м2. Ыстық тамақпен колледж, факультеттерге қызмет көрсетеді: инженерлік-техникалық, экономикалық, аграрлық-биологиялық, ветеринарлық және мал шаруашылық технологиялары
№1 буфет , Абай даңғылы, 28 (№2 ғимарат), 90 орындық, жалпы аумағы – 158,3 м2. Экономикалық және аграрлық-биологиялық факультеттерге қызмет көрсетеді.
№2 буфет, Абай даңғылы, 28 (№3 ғимарат), 60 орындық, жалпы аумағы – 76,6 м2. инженерлік-техникалық факультет және колледжге қызмет көрсетеді.
№3 буфет, Маяковский көш., 99/1 (№4 ғимарат), 40 орындық, жалпы аумағы – 60 м2. Ветеринарлық және мал шаруашылығының технологиялары факультетіне қызмет көрсетеді.
№4 буфет, Байтұрсынов көш., 47 (№1Б ғимарат), 30 орындық, жалпы аумағы – 50 м.2. Заң факультетіне қызмет көрсетеді.