Әдеттегі өмірге ашық түсті кездер
Студенттік жылдар – әр адамның өмірінде есте қалатын ең бір керемет шақ. Студенттік өмір қызғылықты болған сайын, оқу үрдісі де толық қанды болады. Қостанай мемлекеттік университетінде білім алған студенттер тек бір ғана саланың мамандары емес, жан-жақты дамыған тұлға болып шығады. Олардың фестивальдарға, КВН, концерттерге, жарыстарға қатысуы олардың таланттарынан басқа кәсиби біліктіліктерін дамытады, басшылық қабілеттерін көрсетуге көмектеседі, топта жұмыс істеу қағидаларын, адам аралық қатынастар тәсілдерін игеруге көмектеседі, өзі күшне сенуге үйретеді. Сондықтан университеттік білім біздің студенттердің мінезінің мынадай маңызды кескіндерінің: ынталылық, таптауырларды айырбастауды білуі, жаңалықтарды, келешегі бар заттарды тудыру сияқты қалыптасуына көмектесуі қажет.
Өз Отаны мен халқына сүйіспеншілігі жоқ ең жақсы маман оларға ешқандай жоғары деңгейдегі пайда әкеле алмайды. Сондықтан студенттік жастарды рухани-өнегелік және партиоттық тәрбиелеуге университетте үлкен көңіл бөлінеді.
Студенттердің жеке және шығармашылық қабілеттерін дамытуға университетте барлық жағдайлар жасалған. Мысалы, облыстан тыс аймақтарда белгілі, құрамында ұлт аспаптар оркестірі мен «Бадрисафа» би тобы бар студентік «Өнер» студиясы, тапқырлар мен көңілділер клубы, оның басшысы – КГУ «13 район» командасы – неше түрлі қалалық, облыстық, республикалық лигалардың ғана жеңімпазы емес, Сочи (Ресей) қаласындағы «Масляков» лигасының жартылай финалына шыққан команда.
Салауатты өмір сүруді насихаттауға, спортты дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл – спартакиадаларға, денсаулық күндеріне қатысу, «Студентер наркотиктерге қарсы», «АИЖСға жоқ!» және басқа акцияларды, шараларды өткізу. Студенттік құрылыстық, механикаландырылған, экологиялық, ветеринарлық және басқа жасақтарда жұмыс істеудің, «Жасыл Ел» қозғалысына қатысудың үлен тәрбиелік мәні бар. ҚМУ студенттері балалар үйлері мен мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне қамқоршылық жасайды.
Қалыптанған дәстүрлерге «Студенттер қатарына алу», «Білім күндері», «Суденттік көктем» фестивалі, Қазақстан Республикасы конституциясының күні, Республика Күні, Тәуелсіздік Күні, Казақстан халықтары тілдерінің Күні, Наурыз мейрамы және басқалар жатады. Бұл шаралар дәстүрлі болғанымен, олардың әр қайсысы – есте қалатын, өзіндік ерекшелігі бар шағын шоу, мереке.
КМУ да оқуды оңай деп айта алмаймыз. Сонда да студенттер барлығына үлгіреді: оқуға да, ғылыми жұмыспен айналысуға, жұмыс істеуге және көңілді де ширақ татымды дем алуға.
Жалпы студент болу қызықты! Бұл қиын күн мен көңілді фестиваль, ал сосын ... «Горняк» МҮ болатын керемет дискотека!