Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жыл қорытындысы жарияланды

Жылда дəстүр бойынша Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасында  қорытынды жиын өткізілді. Әдеттегідей келе жатқан жылды қарсы алмас бұрын, студенттердің өткен жылда оқуда жеткен жетістіктері мен толағай табыстары айтылды. Атап өтер жайт, биыл да журналистика мамандығы білім деңгейі бойынша үздіктердің қатарында. Республикамыздың солтүстік аумағындағы жоғары оқу орындардың ішінде дәрежелі 3 орынға ие болды. Жиын басында сөз алған кафедра меңгерушісі Алматай Мергенбаевна оқытушылар мен студенттерді осынау жетістіктерімен құттықтап, үздіктерге мақтау қағаздары мен ата-аналарының атына жазылған алғыс хаттарды табыстады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында кафедра оқытушылары Амангелді Шурентаев пен Гүлнұр Кəкімбектің ұйымдастыруымен алғаш рет университетте “Көкірек көзбен көргендерім” тақырыбында фото байқау өткізілген болатын. Байқау қатысушыларының фотосуреттері үстіміздегі жылдың 19 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында төрт номинация бойынша қабылданды.  Қаламыздың белді фотожурналистерінен құралған қазылар алқасының шешімі бойынша суреттері ерекше деп танылып, бас жүлдені ақпараттық-технологиялар факультетінің 4 курс студенті Ермек Смагулов иеленді. Ұйымдастырушы тараптың айтуынша бұл байқау алдағы уақытта да жалғасатын болады.


PDF