Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Журналистика» мамандығының студенттері Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатына барды

Мұрағат - бұл түрлі адамдардың тарихы, тағдырлардың тоғысуы. 17-ші қыркүйек күні Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатына журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының бірінші курс студенттері барды.

Болашақ маман иелеріне Қостанай облысында сонау Николаев кезінен қазіргі күнге дейінгі өмір сүрген адамдар туралы жинақталған мәліметтер, құжаттар көрсетілді. Мұрағаттың құрылымы мен қызметі туралы мұрағатшы Татьяна Омарова толық ақпарат берді.

«Қостанайда мұрағатттар Майлин және Тәуелсіздік көшелерінде екі жерде орналасқан. Өкінішке орай, бұл мұрағатта өткеннің құжаттары көп сақталмаған, соңғы жылдардың ғана мәліметтері жинақталуда. Сондықтан өткен жылдардың басылым беттерін Л.М.Толстой атындағы облыстық орталық кітапханада танысуға болады», - деді Татьяна Омарова.

Мұрағаттың кіреберісінде студенттер «Архивист - звучит гордо!» тақырыбында фото деректі көрмемен танысты. Бұл көрме осы жылдың жоспарланған іс-шараларының бірі. 4 маусым күні «Мұрағат түні» тақырыбында республика бойынша алғашқы шара өтті. Ал қыркүйек айының соңында мемлекеттік мұрағаттың қызметкерлері Ахмет Байтұрсыновқа арналған Достық үйінде өтетін мерекелік кешке қатысып, мұрағаттың ардагерлерін шақырып, дастархан жаяды. 

Бірінші курс студенттеріне экскурсия өте пайдалы болды. Олар мұрағаттың ақпарат көзі екендігін түсінді. Болашақта олардың да мақалалары мұрағаттар қорынан табылады деген сенімдеміз.   


PDF