Журналистика мамандығының студенттері қаламыздағы облыстық Л.Толстой атындағы әмбебап кітапханамен танысып, ұсынатын қызметтерін біліп келді.
Кітапхана ұжымы бірнеше бөлімдермен толықтырылған. Оның ішінде Америка құрама штаттарының елшіліктерімен бірге жасалған халықаралық қатынастар бөлімі, қалпына келтірілген және ең қызықты әрі рухани бай кітаптар қорынан жинақталған мұражай, тарихи-өлкетану бөлімінде Қостанай облысының өңірлік басылымдары мен тарихи тұлғалар жайлы ақпараттар алды. Өнер және шығармашылыққа арналған бөлімде студенттер Дина Нүрпейісова апамыздың күйін тыңдап, түрлі көрмелердің куәсі болды. Оқу бөлімінде өздеріне қажетті баспасөз бен кітап авторлары жөнінде мағлұмат алып, газет-журналдар ескі нөмірлерінің электронды нұсқаларымен жұмыс жасап көрді.
Әр студент кітапханада жұмыс жасауға арналған құжаттарын алып, ай сайын өтетін педагог-волонтерлардың өткізетін тілдер курсына жазылды. Осылайша бұл экскурсия білім алушылар үшін пайдалы болды.