Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Журналист Абылай Маудановпен кездесу кеші

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың аграрлық-биологиялық факультетінің биология және химия кафедрасының ұйымдастыруымен жас ақын, журналист, республикалық жас ақындар әдеби байқауының жүлдегері, «Шабыт» сыйлығының иегері, «Өр Торғайым» атты экспедицияның жетекшісі Абылай Маудановтың қатысумен «Торғайша сені сүйемін» атты әдеби кеш  өткізілді. Бұл кешке арнайы қонақ ретінде Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филормониясының «Ұлы Дала» квартеті шақырылды.

Әдеби кеш  А.Мауданов жайлы бейнефильмнің көрсетілуінен басталды. Кездесу кешінде студенттер ақынның шығармашылығымен  танысып, өлеңдерін оқыды. А.Мауданов жастарды әдеби кітаптарды оқуға шақырды. Соның ішінде М.Шахановтың, Т.Әбдіковтың шығармашылығымен танысуға кеңес берді. Ақын, журналист «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы жайлы да айтып өтті.

Кеште ақынның сөзіне жазылған, Қазақстанның танымалы әншісі Төреғали Төрәлі орындайтын «Тотыдайын» әні шырқалды. Аграрлық – биологиялық факультетінің агрономия кафедрасының доценті, профессор Аманжол Зұлқарнайынұлы сөз алып,  А.Маудановты қол жеткізген жетістіктерімен құттықтап, зор денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Кеш биология мамандығының 3 курс студенттерінің орындауындағы  «Туған жер» әнімен аяқталды.


PDF