Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы Жолдауы тұғыры биік тәуелсіз ел дамуының жолдарын нақтылап берді. Соған орай университетіміздің қабырғасында «Мәңгілік ел жастары» ұйымының ұйымдастыруымен «Жолдауға қолдау» атты жиын өтті. Жиында 2 басты мәселе қаралды. Бірі Елбасы жолдауы болса, екіншісі 2017 жылдың соңында жарық көрген Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы. А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың Жастарды дамыту орталығының басшысы Рүстем Бейшов студенттерді жолдаудағы негізгі міндет-мақсаттармен таныстырып, шәкірттердің қойған сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы жайлы филисофия кафедрасының оқытушысы Руслан Жүсіп толық мәлімет берді. Студенттер «Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!», - деген ұранмен кездесуді аяқтады.