Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жұмыла көтерген жүк – жеңіл

Половниковка ауылында тұратын Базаровтардың үйі өртенді. Құдай сақтап тұрғындар бұл күні үйде болмаған. Бірақ тозығы жеткен ескі ғимарат түгі қалмай жанып кетті. Осы үйді паналап келген отбасы қыстың көзі қырауда далада қалғаны туралы ҚМУ-дың психология және педагогика кафедрасының профессоры, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының аналар облыстық кеңесінің төрағасы Лилия Саркисян естіп, бірден отбасыға көмек көрсету жолдарын іздестіре бастады. ҚМУ ректоры Хусаин Хасенұлы Валиев бұл хабарды естіп, шұғыл түрде ақшалай көмек көрсетудің жолдарын қарастырды. ҚМУ-дың профессор-оқытушылар ұжымы, университет қызметкерлері, кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәмиев Нұрлан Бекентайұлы, студенттер бірігіп, қаражат жинау жұмыстарын бірден бастап кетті. Осылайша көптің қатысуымен үш күннің ішінде бір жарым миллион ақша жиналды.

Ұлық мереке – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында 15 желтоқсан күні ҚМУ-дың кәсіподақ ұйымының төрағасы Мәмиев Нұрлан Бекентайұлы, психология және педагогика кафедрасының профессоры Лилия Саркисян, стратегиялық даму басқармасының бас маманы, информатика және математика кафедрасының доценті Тастанов Мейрамбек Ғабдуалиұлы және студенттік кәсіподақ комитетінің төрағасы Манатов Аслан Базаров отбасына барып, үйді сатып алуға жиналған ақшаны қолма-қол тапсырды.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ұжымы Базаров отбасына зор денсаулық, бақытты өмір тілейді. Ал, Ахаң атындағы шаңырақта адал қызмет етіп жүрген, адамгершілік қасиеттері мол тұлғалардың осы қайырымдылық көмегі ҚМУ-дың тарихында өшпес өнеге болып, мәңгі сақталады.


PDF