Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жер ресурстарын меңгеру. "Эразмус+" бағдарламасының щеңберінде дөңгелек үстел өтті.

А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-де 2016 жылдың 15 маусымында  "Жер ресурстарын меңгеру мен қоршаған ортаны қорғау аясында  орталық азия университеттерінің құзретін көтеру» атты Эразмус+  бағдарламасының щеңберінде дөңгелек үстел өтті. Шараны ұйымдастырушы - аграрлы-биологиялық факультетінің деканы Ниязбек Калимов.  Ал жер мәселесіне байланысты заңдарды жиналғандарға егжей-тегжейлі түсіндірген  Қостанай облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Нұрлан  Абдулов .   

жер

Дөңгелек үстел барысында   жеке жер учаскілерін сату мен жалға алу сұрақтары қарастырылды.  Сонымен қатар көптеген өңдеулер мен химиялық қоспаларды қолданудан кейінгі жердің құнарлылығын жоғалтуы   және мүмкіндігінше оның алдын алу мәселелері айтылды. Қызықты сұрақтардың бірі - жеке жер аумақтарында жер қазба байлықтарының табылуы және бұл жағдайда   мемлекет тарапынан қолданылатын шаралар туралы болды.  Сұраққа 5 сантиметрден төмен жер қойнауындағы байлықтар мемлекеттікі    деген жауап қайтарылды. Ал сол жердің иесіне келісілген шамадағы өтем ақы төленеді.

жер

Аталмыш іс шара қызықты өтті. Көптеген сұрақтарға жауап алған дөңгелек үстел қатысушылары   шақырылған қонаққа алғыстарын білдірді.      

          

 


PDF