Жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкері Рүстем Болат тарих және құқық факультетінің мұғалімдері мен студенттерімен кездесті.
Кездесуде "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті жетілдіру" тақырыбына баяндама оқылды. Баяндама барысында жемқорлыққа қарсы күресте жастардың рөлін арттыру жайы сөз болды. Бұл туралы стратегиялық жоспардың қажеттілігі атап көрсетілді. Студенттер де жемқорлыққа қарсы заңды жетілдіру жолдарын қызу талқылады.