Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жеңіспен оралды!

Жеңіспен оралды!

 

    Сәуір айының 1 мен 3-нің аралығында Астана қаласында өткен  халықаралық дебат турнирінен университетіміздің 2 командасы (Сагаров Әнуар - ГӘФ 1-курс студенті,  Азамат Тоқтарбай ТҚФ 1-курс студенті, Буқабаев Әнуар – ИТФ 2-курс студенті және Қамза Азамат – ГӘФ 1-курс студенті) олжалы оралды.

дебаты

   Аталмыш шараны Назарбаев университеті ұйымдастырған болатын. Сөз-додада  ҚМУ студенттері  2-орынды қанжығаларына байлады.     Халықаралық пікір-сайысқа  барлығы 56 команда қатысты.  Оның ішінде көршілес Ресей және Қырғызстаннан келген пікірсайысшылар бар.  ТМД көлемінде ерекше құрметке ие пікірсайысшылар, Мәскеуден келген Роберт Устян және Шамхал Муратазалиев турнирдің бас төрешілері болды.   Сөз-дода шеберлерінің сөзіне сүйенсек жарыс халықаралық деңгейде ұйымдастырылған.  


PDF