Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Жаппай диктантты өткізу күні жарияланды

Новосібір мемлекеттік университетінде 2-4 ақпан күні жаппай диктантты ұйымдастырушылар мен сарапшылардың жыл сайынғы өткізілетін конференциясында жобаның өткізілу күні жарияланды. «Жаппай диктант» Халықаралық білім беру акциясы 2017 жылдың 8-ші сәуірде өткізілетіні белгілі болды.

Жаппай диктант – бұл жыл сайын өткізілетін білім беру іс-шарасы. Негізгі мақсат: сауатты жазу мәдениетін дамытуға назар аударып, қателіктерді жөндеу. Ерекшелігі: іс-шараға кез келген адам қатысып, өз білімін тексере алады. Жоба әлемнің және Қазақстанның көптеген қалаларында дәстүрлі түрде бір мезгілде, бір уақытта (сағаттық белдеулерді ескере отырып) өткізіліп тұрады.

Қостанай қаласында аталған жоба 2017 жылдың 8-ші сәуірінде, сағат 14:00, 108 дәрісханада өткізіледі деп жоспарлануда (өту орны қатысушылардың санына байланысты өзгеруі мүмкін). Қостанай қаласы бойынша модератор: Айкүміс Әбдібекова. Толық ақпаратты көрсетілген сілтеме арқылы өтіп алуға болады Жаппай диктант, Қостанай қ.


PDF