Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық және басқарушылық тәуелсіздігін кезең-кезеңмен кеңейтуі көзделіп отыр, осыған байланысты ҚР БҒМ нормативтік құжаттарына өзгерістер енгізілді.
Университеттегі жаңартылған құжаттармен танысу үшін «ЖОО-лардың академиялық және басқару тәуелсіздігін кеңейту контекстінде білім беру қызметі» оқыту семинарлар циклі жоспарланған.
Желтоқсан айының 6-нда өткен бірінші семинарда білім берудегі жаңа нормативтік-құқықтық актілермен байланысты білім беру үдерісіндегі инновациялар қарастырылды.
Оқу жұмысы және инновациялар жөніндегі проректорының м.а. Ф.Ф.Майер «Жоғары оқу орындарының қызметін ұйымдастырудың жаңа Типтік ережелері», Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру бөлімінің бастығы А.О.Исмаилов «Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережелері», Ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бөлімінің меңгерушілері А.П. Ковал және Оқу бөлімінің бастығы Т.И. Чехова «Жоғары оқу орнының жаңа мемлекеттік білім беру стандарттары және Жоғары оқу орнынан кейінгі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» атты баяндамаларымен сөз сөйледі.
Желтоқсан айының 12-нде бакалавриат, магистратура және докторантураның білім беру бағдарламаларын дамыту, сондай-ақ студенттердің жетістіктерін бағалау бойынша екінші семинар өткізілді. Бұл семинарда Ф.Ф. Майер, Т.И. Чехова және А.О.Исмаилов баяндамаларымен сөз сөйледі.