Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ЗФ студенттері сот судьясымен кездесті

Ахмет Байтұрсынов атындағы ҚМУ-дың заң факультетінде қылмыстық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Б.З.Саламатованың ұйымдастыруымен 2017 жылдың 18 сәуірінде Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық кәмелетке толмағандар істерінің сот судьясы Жолдыбай Метаевтің қатысуымен «Қылмыстық процестегі сот ісі» пәні бойынша тәжірибелік дәріс сабағы өткізілді.

Дәріс сабақтың басты тақырыбы «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары бойынша  өндіріс» болды. Сабақ барысында сот судьясы кәмелетке толмаған адамдарға қатысты ювеналдық сот судьяларының қызметінің ерекшеліктері, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі, қылмыстық істер бойынша сот iсiн жүргiзу ерекшеліктері туралы баяндады.

Сабақтың соңында студенттер дәріс тақырыбына байланысты өз сұрақтарын Жолдыбай Метаевке қойды.


PDF