Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Үздіктердің үздігін таңдау!

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментімен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің экономикалық факультетінің жоғары курс студенттерімен «Мемлекеттік қызметке кіру» тақырыбында кездесу өткізілді.

Аталған іс-шара аясында ҚМУ студенттеріне Департаменттің мемлекеттік қызметті бақылау басқармасының жетекшісі Салыкбаев Е.А. және мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Кабылова Г.Ж.  мемлекеттік қызметке кіру кезінде өтетін конкурстық тәртіп туралы, сондай-ақ, тестілеудің өту тәртібі туралы айтты. Бұдан басқа, мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік қызметтің имиджі мемлекеттік органдардың халыққа көрсететін қызметтердің сапасына байланысты болатынына назар аударды: мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың әрі қарай жетілдірілуі, мемлекеттік қызметкерлердің өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын нығайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына сенімін арттыру. Студенттерге бос мемлекеттік қызметкер лауазымдарына тест сынағынан өтуге ұсыныс жасалынды.

Салыкбаев Е.А. өз сөзінде айтып кеткендей, қазіргі уақытта Қостанай облысындағы мемлекеттік қызметкерлердің саны шамамен 6,5 мың маманды құрайды және жыл сайын 3-4 мың түлек «осы беделді мамандықта» өзін көрсетуге талпынады. Таңдаудың бірінші сатысынан қатысушылардың 54 %-ы ғана өтуі, сұхбаттасуға шақырылған «үздіктердің ең үздігі» таңдалатынын айқындайды. Сол себепті түлектердің басты міндеті – жақсы оқу мен елінің, қоғамның және мемлекеттің дамуына өз үлестерін қосу болып табылады.


PDF