Көкшетау қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Ақмола облыстық ораторлар форумы аясында республикалық пікір-сайыс турнирі өтті. Аталмыш турнирге Астана, Алматы, Қарағанды, Қостанай қалаларынан командалар қатысты.
Республика деңгейінде өткізілген іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 40 команда тіркелсе, олардың ішінен 24-і үздік іріктеліп сайысқа қатысты. Нәтижесінде бас жүлдені Қостанай облысының «Аманкелді тарландары» командасы иеленді. Команданың бірінші спикері гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің «Журналистика» мамандығының 2 курс студенті Нұрислам Жұмакеновке турнирдің бас жүлдесін табыстады. Нұрисламды қол жеткізген жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!