Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасындағы шетелдік ғалымдар

Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасындағы шетелдік ғалымдар

2015 жылдың 8-19 желтоқсан аралығында басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасында шетел ғалымдары дәрістер оқыды:

- Стукач Виктор Федорович - экономикалық ғылымдар докторы, П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлекеттік университеті менеджмент және маркетнг кафедрасының профессоры, РФ Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-техникалық сферасындағы эксперті, РФ Жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қайраткері;

- Мамонтов Андрей Сергеевич - экономикалық ғылымдар докторы, Ф.М. Достоевский атындағы  Омбы мемлекеттік университеті инновациялық және жобаларды басқару кафедрасының профессоры.

 

Шақырылған ғалымдар 5В051000-Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының студенттеріне Экономиканы мемлекеттік реттеу 1 пәнінен, 5В051100-Маркетинг мамандығының студенттеріне Бизнесті ұйымдастыру, Стратегиялық маркетинг пәндерінен, 5В050700-Менеджмент мамандығының студенттеріне Стратегиялық менеджмент пәндері бойынша сабақтар жүргізді, сонымен қатар 6М050700-Менеджмент мамандығының магистранттарына стратегиялық менеджмент 2, кадрлық менеджмент сияқты пәндерден дәрістер оқылды. Студенттер мен магистранттар жоғарыда аталған пәндердің өзекті тақырыптары бойынша білімдерін толықтырды.

   

Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасы экономикалық факультетте оқытушылар құрамы мен магистранттарды шетел ғалымдарымен «Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім берудегі ғылыми зерттеулер бағдарламасын қалыптастырудың өзекті мәселелері» атты тақырыбында кездесу өткізді.

Шетел ғалымдарының келу нәтижесінде А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен ресейлік университеттер арасында ынтымақтастыққа келісім-шарт жасалды, сонымен қатар Басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының халықаралық ынтымақтастығы туралы келісім-шартты жүзеге асыру жоспары құралды.

 


PDF