Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Шетелдік ғалымдар ақпараттық технологиялар факультетінде

Шетелдік ғалымдар ақпараттық технологиялар факультетінде

Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында, бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасына Санкт-Петербург  ақпараттық технологиялар, механика және оптика ұлттық зерттеу университетінің, мехатроника кафедрасының профессоры, техникалық ғылымдарының докторы, ААҚ "Концерн "ЦНИИ Электроприбор"  бас метрологы Грязин Дмитрий Геннадьевич сабақтарды өткізу үшін шақырылды

 

Осы сапар барысында профессор бірнеше кездесулер өткізді, сонымен қатар Мехатроника дайындау бағыты бойынша 6М072400-Технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығының магистранттарына іс-шаралар жүргізді. Өткізген сабақтары бойынша, магистранттар көптеген жаңа ақпараттық құрылғыларды және олардың мехатроникада қолдануын білді.

Профессор Грязин Д.Г., Ресейдің жетекші институтінің бас метрологы ретінде, жоғары навигация, гироскопия, гравиметрия және теңіз радио байланысы бойынша орнықты-ізденістік зерттеулерде, өндірісте  өнімдерді жүзеге асырудың әр түрлі бағыттары бойынша үлкен тәжірибелі ғалым-маман. Ол сабақ және кеңес өткізу барысында өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Кафедра профессордың қатысуымен «Техникалық ғылымдар саласы бойынша білім беру мәселелерінін өзекті сұрақтары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша студенттік алмасу, конференцияларға қатысу, оқытушылардың біліктілігін арттыру, ғылыми тағылымдама және т. б. ниеттері жоспарланған хаттамаға қол қойылды.

 


PDF