Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Шетелдік ғалымдар Қазақстан тарихы кафедрасында

        2015 жылдың 26 қараша – 12 желтоқсан аралығында Қазақстан тарихы кафедрасына шетелдік ғалымдар Жібек Сыздыкова, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінен және Канаданың Калгари университетінен Сәулеш Есенова шақыртылды.

       Шетелдік ғалымдар Тарих және Аймақтану мамандықтарының студенттері мен Тарих мамандығының магистранттарына Этнология, Этноқақтығыстар, Аймақтық зерттеу әдістері, Қазақ диаспорасының тарихы, Еуропа және Америка, Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы, Әлем тарихының іргелі мәселелеріне жаңаша көзқарас пәндер шеңберінде дәрістер оқыды.

       Түркияның сыртқы саясаты, Ресей және Орталық Азиядағы қауіпсіздік проблемалары, Евразийство: теориядан практикаға, Шығыс пен Батыс арасындағы Ресей тақырыптарына арналған профессор Ж.С.Сыздыкованың дәрістерін студенттер үлкен ынтамен тыңдады. Сонымен қатар Тарих мамандығының 4 курс студенттерімен «Жаһандану жағдайындағы жастар» атты пікірталас өткізілді.

Доктор PhD С.Б.Есенованың дәрістерінде студенттер әлеуметтік және мәдени антропологияның өзекті мәселелерімен танысты. Көптілді Аймақтану мамандығының студенттері ағылшын тілінде оқылған дәрістерде шетел тілін меңгеру дағдыларын машықтана білді. Студенттермен ұйымдастырылған ғылыми пікір алмасу И.Есенберлинның шығармаларындағы Ұлы қазақ даласының тарихына арналды.


PDF