27 қыркүйек күні студенттеріміз Темірлан Имантаев пен Жомарт Қайрош «Жалпыресейлік мемлекеттік әділет университетінің» 50 жылдығына арналған «Экономикалық қарым-қатынастардағы Ресейдің заманауи қылмыстық саясаты» атты халықаралық студенттік ғылыми конференциясында Қостанай облысының атынан қатысты.
Конференцияның басты мақсаты білім беру ұйымдарының арасында ғылыми серіктестікті нығайтуға бағытталған шарт жасап, қылмыстық құқық және криминология салаларындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Сондықтан, конференция барысында экономикалық қарым қатынастарды криминализациялау сұрақтары талқыланды. Осы арада біздің студенттер «Кәсіпкерлік қызметті криминализациялау» және «Электрондық коммерциядағы криминалдық тенденциялар» тақырыптары бойынша сөз сөйледі.