2017 жыл 17 наурызда А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Заң факультетінде 2-3 курстың студенттері Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы Асылбеков Жаслан Сламбекұлымен кездесті.
Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті құру және Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша сұрақтар қарастырылды. Сондай-ақ, судья Ж.С. Асылбеков Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын түсіндірді.
Кездесу барысында студенттер соттың негізгі ерекшеліктері, қаладағы қылмыстың деңгейі туралы, басқа да сұрақтар қойды.