Студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және теориялық білімдерін тәжірибеде бекіту мақсатында 18.03.19 куратор Мукашева Г.К Заң факультетінің 5В030100 – құқықтану мамандығының 17-400-12 тобының 2 курс студенттерімен Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына экскурсияға қатысты.
Экскурсия сот қызметкерлерімен студенттерге сот ғимаратында ұйымдастырылды. Экскурсия шеңберінде Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Дудин И. И. студенттермен әңгіме жүргізді, онда студенттерді әкімшілік құқық бұзушылықтың мәнімен, әкімшілік жауапкершіліктің негізгі баптарымен таныстырды және бүгінгі күндегі әкімшілік істерді қараудың барысындағы жаңалықтармен бөлісті.