Қызылорда қаласында "құқықтану негіздері" секциясында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы өтті. Онда Қостанай қаласы мектептерінің оқушылары заң ғылымдарының кандидаты, заң факультетінің азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы Юрий Симининнің жетекшілігімен жүлдегер атанды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 25-29 наурызында Қызылордада мектеп пәндері бойынша республикалық олимпиада басталды. Оған Қазақстанның барлық аймақтарынан 700-ге жуық оқушылар қатысты. Бекежанов атындағы облыстық театрда өткен олимпиаданың жабылу салтанатында жүлдегерлерге дипломдар табыс етілді.
Қостанай оқушылары жеңімпаздарының қатарында 11 сынып оқушылары Ксения Зубенко (2 орын, ГМГ), Саяна Санакова (3 орын, Озат) және 10 сынып оқушылары Екатерина Саенко (2 орын, 23 мектеп) және Дарья Васина (3 орын, 23 мектеп) бар.
Біз оқушыларды және оларды жеңіске жетелеген Юрий Григорьевичті құттықтаймыз!