Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Қысқы мектеп» бағдарламасы бойынша оқу

2016-2017 оқу жылының қысқы демалыс күндерінде Қаржы мамандығының студенттері Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде тәжірибеден өтті. «Қысқы мектеп» бағдарламасы бойынша оқу барысында олар ЖОО оқыту жүйесімен танысып, «Банктік тәуекелді басқару» және «Коммерциялық банктегі есеп және есеп беру»  пәндерін меңгерді. Студенттердің айтуынша, оларға сабақты өткізу әдістемесі ерекше ұнады. Сабақтар интерактивті, пікір-талас, іскерлік ойын және дөңгелек үстел түрінде өтті. 

ҚМУ студенттері Қарағанды, Павлодар және Малайзия қалаларынан келген студенттермен танысып, тәжірибемен алмасты. Сонымен қатар, студенттер  ағылшын тілінде өздерінің біліктілігін арттырды. Болашақ мамандар Теміртау қаласындағы ҚР Тұңғыш  Президентінің мұражайына, Қарағанды өлкетану және Долинка (п. Карлаг) мұражайларына барып, мүсіндермен танысты. Көрмеден кейін, жастар  "Сарыарқа" ХК хоккей матчын тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Қаржы мамандығының студенттері келесі оқу жылының қысқы мектебіне тағы да қатысу ниеттерін білдірді. Олар іс-шараны ұйымдастырушыларға және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасарына жайлы жатақхана және қызықты демалыс күндерін ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. 


PDF