Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру іс-шаралары өткізілді

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Оқу Орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру аясында, Заң факультетінің қылмыстық құқық және процесс кафедрасының оқытушылары ҚР ІІМ ОО оқытушылар құрамымен осы жылдың қаңтар – ақпан  айларында ҚР ІІМ ОО әкімшілік ғимаратында кездесулер, семинарлар және еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын талқылау іс-шаралары өткізілді.

Кездесу барысында келесі сұрақтар қарастырылды:

1. А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің білім беру қызметін насихаттауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;

2. Білім беру сапасын арттыруға бағытталған бірлескен инновациялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;

3. Тараптармен ұйымдастырылған ғылыми-әдістемелік семинарлар мен ғылыми-практикалық  конференцияларға және кез келген басқа да іс-шараларға өкілдердің қатысуы арқылы, тиісті қызмет салаларында жинақталған тәжірибе мен білімдермен алмасу;

4. Оқу үрдісі мен оқудан тыс тәжірибе  ұйымдастыру аясында ақысыз оқу-семинарлар ұйымдастыру және өткізу.

Сонымен қатар, ҚМУ-дың  құқық және процесс кафедрасының оқытушылар құрамымен «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысандары», «Қылмыстық теріс қылықты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу тәртібі» тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар берілді.     

 

 

 


PDF