12 сәуір – ғылым күні. ҚМУ-дегі ғылым – бұл инновациялар, эксперименттер, зерттеулер, гранттар, патенттер, олимпиадалар және ғалымдар мен студенттердің ғылыми қоғамдас-
тығының еңбегі. Ғылыми мектептер, жоғары білікті профессорлық-оқытушылар құрамы, 3I ғылыми басылым, шетелдік жоғары оқу орындармен ынтымақтастық, магистратура және
докторантура - отандық ғылымның дамуына лайықты үлес.
Бүгін Қостанай мемлекеттік университетінің акт залында өзінің кәсіби мерекесін атап өту үшін оқу орнының ғалымдары, студенттері, магистранттар мен докторанттары жиналды.
Оларды университет ректоры Алма Досжанова құттықтады. Айтулы мерекеге орай үздіктерді төсбелгілермен марапаттады. «Ғылымды дамытуға сіңірген енбегі үшін» төсбелгісі
аграрлық-биологиялық факультетінің деканы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Ниязбек Калимовқа; қаржы кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кан-
дидаты Налима Сартановаға; мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасының доценті, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты Инна Брел-Киселеваға
берілді. «Еңбек ардагері» медалімен агрономия кафедрасының профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Валерий Мищенко; педагогика және психология
кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шушаник Саркисян; практикалық лингвистика кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кан-
дидаты Әлия Нұрсеитова; информатика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты Ағима Муслимова; экономика және қаржы, бухгалтерлік есеп бас-
қармасының бас маманы Акшал Ахметов марапатталды. Ал жас ғалымдарға ректордың мақтау қағазы мен алғыс хаттар берілді.
Мереке қонақтарының арасында Қостанай облысының колледждерінің студенттері болды. Ректор үздік түлектерге ҚМУ-де тегін оқуға мүмкіндік беретін сертификаттар табыстал-
ды. Мұндай сертификатқа ие болған колледж түлектерінің саны – 8. Олар: Қостанай политехникалық колледжінің, Қостанай ауылшаруашылық колледжінің, Қостанай автомобиль
көлігі колледжінің, Лисаков техникалық колледжінің және Жітіқара политехникалық колледжінің түлектері. Бұл – ҚМУ-нің Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің жар-
иялаған Жастар жылына жауабы.
PDF