Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

XI Инновациялық конгресс

Астана қаласында Бейбітшілік пен Келісім сарайында XI Инновациялық конгресс өтті. Биылғы жылы конгресске қатысушылар Қазақстан Республикасы үшін маңызды төрт бағытқа ерекше назар аударды. Олар: энергетика, жаңа материалдар, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар (автоматтандыру, роботтандыру, цифрлендіру), агроөнеркәсіп кешеніндегі терең өңдеу. Конгресті Инвестициялар және даму министрлігінің қолдауымен «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ (ТДҰА) ұйымдастырды.

Конгресске халықаралық және қазақстандық сарапшылар, үкімет пен жергілікті атқарушы билік өкілдері, ұлттық холдинг пен ұлттық компаниялардың басшылары, даму институттары, ҒЗИ және ұлттық инновациялық жүйенің негізгі қатысушылары  қатысты.

Нәтижесінде, 300 адамнан 30-ы Ұлттық инновациялар байқауының финалына шықты. Олардың қатарында А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті Мухтаров Данияр болды. Комиссия мүшелері Даниярдың баяндамасын жоғарғы бағалап,  оны арнайы дипломмен марапаттады. Сонымен қатар, естелік сый ретінде ұялы телефон табысталды. АТФ ұжымы Даниярға шығармашылық табыс, оқуда озат болуына тілектестігін білдіреді.


PDF