Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Web – дизайн» саласы бойынша жобалар байқауы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесі қарсаңында ақпараттық технологиялар факультетінің ЕТ және БҚЕ мамандығының студентері жұмыс берушілермен арнайы кездесу өткізді. Кездесу барысында  ЕТ және БҚЕ және АЖ мамандықтарының 2 курс студенттері арасында «Web – дизайн» саласы бойынша практикаға бейімделген оқу жобалар байқауы өткізілді. Оқу жобалар байқауының негізгі мақсаты – қазіргі білім берудегі жобалық оқыту әдістемелік тәжірибе алмасу бағытында, заманауи Web сайт жасауға  жаңа Web технологияларды қолдану шеберлігін көрсету. Кездесуге Қостанай қалалық әкімшілігінің білім беру бөлімінің ақпараттық технологиялар орталығының бас маманы Елекеев Асқар және «EsbolStudio» мекемесінің директоры Жатканов Есбол қатысты.

Жұмыс берушілер оқу жобасы байқауына қатысқан студенттерге сертификат тапсырды. ЕТ және БҚЕ кафедрасының меңгерушісі Салыкова О.С. шақырылған жұмыс берушілерді Алғыс хатпен марапаттады.


PDF