Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Студенттеріміз - «Bolashak Business Competition» сайысында екінші орын алды

Біздің студенттеріміз - «Bolashak Business Competition» республикалық сайысында екінші орын алды

 

2016 жылы 24-26 наурыз аралығында Астана қаласында «Bolashak Business Competition» студенттер және жас кәсіпкерлер арасындағы сайысы өтті. «Жас Атамекен» командасы құрамындағы біздің студенттеріміз, «Мехатроника» білім беру бағдарламасының бірінші жыл білім алып жатқан магистрантты Карцев Никита және «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы 1 курстың студенті Мухтаров Данияр, бизнес кейстерді шешу бойынша зияткерлік ойында екінші орын алды.

 

 

Бизнес кейстерді шешу бойынша сайысы 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 136 командыларынан біздің жігіттеріміз ең мықты ондығына ілікті және финалға қатысу мүмкіндігін алды.

 

 

25 наурызда Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде Қазақстанның ең мықты командалар арасында конкурс финалы өтті. Финалдық презентациялар қорытындысы бойынша Алматыдан «DreamTeam» командасы - бірінші орын, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің «Жас Атамекен» - екінші орын, «Optimus» астаналық командасы үшінші орын алды.

 

 

Құттықтаймыз және алдағы жетістік тілейміз.


PDF