А.Байтұрсынов атындагы ҚМУ-нің Инженерлік Техникалық факультетінің студенттері, 1 наурыз "Алғыс күніне" арналған мереке қарсанында Ұлы Отан соғысының ардагері Степурин Николай Пантилеевичпен жолықты. Ұлы Отан соғысының ардагері студентермен, жас ұрпақпен ағымдағы саясат туралы сыр шертіп,азық-түліктерді тарту етті.
Николай Пантелеевич 1926 жылы 1 мамырда дүниеге келді. Әскерге шақырылып, жеті жыл уақытын сонда өткізді. 43-45 жылдары Эстония, Польша, Германия елдерінде, яғни үшінші балтық жағалауының фронтында қан төкті.
Николай Пантилеевич жас студенттермен естелікке суретке түсті.Қол алысар кезде, өзінің шексіз алғыстарын білдіріп,жылы сөздер айтты. Әр студент бейбітшіл елде тұрып жатқандарына алғысын білдірді, ол кісіге әрқашан қайта қонаққа келіп тұратынын айтты.