2015 жылдың 15-16 қазан күнднрі ғылыми және шығармашылық ынтымақтастық шеңберінде экономика факультетінің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы ПОҚ мен «Есепт және аудит» мамндығының студенттері үшін экономика ғылымдарының докторы, профессор, «Grant Thorton» (г.Алматы) халықаралық аудиторлық фирмасының бас директоры Ержанов Мухтар Салтаевичпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуге экономика факультетінің деканы Н.Баранова қатысты.
Ержанов М.С. бухгалтерлік есеп және аудит бойынша бірінші Қазақстандық заңды шығаруға белсенді ат салысқан адам. Үлкен төрттіктің бір компаниясының офисын Қазақстанда алғаш құрып және оны дамытып. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің бірінші халықаралық аудитін өткізіп, аудиттің ірі жобаларын басқарды.
Ержанов М.С. 13 ғылым докторын, 15 ғылым кандидатын Қазақстан мен Кыргызстанда бухгалтерлік есеп, аудит, статистика, қаржы және банк ісі салаларында дайындады. Ол, еліміздің студенттері тәлім алатын аудит. есеп және салық салу ғылымдары бойынша 10-нан астам оқулықтардың авторы.
Ержанов М.С. кездесу шеңберінде «Есепт және аудит» мамндығының 4 курс студенттері үшін проблемалық дәріс оқып, қазіргі жағдайдағы есеп, аудит және талдау мәселелелерінің сұрақтарын қозғады, МСФО және МСА кезеңіндегі есеп-аналитикалық жүйесінің даму болашағына тоқталды.