Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тұңғыш Президент күніне арналған «Денсаулық күні» спорттық іс-шарасы өтті

А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ спорт залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған экономикалық факультетінің ұйымдастыруымен «Денсаулық күні» өтті. Аталған іс-шараның басты ерекшелігі жарысқа ЭФ-тің оқытушылары мен студенттерінің қатысуы болды.

Қатысушылар жарыстың волейбол, дойбы, дартс, арқан тарту сияқты спорттық ойын түрлерінен сынға түсті.

Нәтижесінде «Ең ширақ команда» деген атақ "Қаржы және банк ісі кафедрасының студенттері мен оқытушылардан құралған топқа берілсе, «Ең мейірімді команда» атағы басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының командасына, «Ең белсенді команда» бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының құрамасына берілді. «Экономикалық факультеттің ең спорттық кафедрасы-2016» атағы мен арнайы Кубок басқару және іскерлік әкімшілік кафедрасының оқытушылары мен студенттерінен құралған топқа табысталды.

ЭФ ұжымы бәсекеге белсене атсалысқан оқытушылар мен студенттерге, жарысты ұйымдастырып, жоғары деңгейде өткізілуін қамтамасыз еткен ФжСД кафедрасына, сонымен қатар демеушілік жасаған университет Кəсіподақ ұйымының төрағасы Нұрлан Бекентайұлы Мәмиевке  шексіз алғысын білдіреді. Білектілер бақ сынаған байқауда жеңімпаздар мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

 


PDF