Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Jackal» ойыны бойынша турнир

21 қазан күні тәрбие жұмысын әрі қарай жетілдіру шеңберінде экономика факультетінің бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасы  №2 Студенттер үйінде  «Jackal» ойынан турнир өткізді.

Бұл ойында оқушылар ептілік, ерлік,  қулық  стратегиясын құру, сондай-ақ қиындықтардан қорықпай алға  жылжыу қабілетері жағынан  бәсекелесе алады. Ойынды осыдан 30 жылдай бұрын москвалық студенттер ойлап тапқан болатын. Ойын кезінде студенттер тек қана көңілді уақыт өткізіп қоймай, өздерінің стратегиялық ойлау  және коммуникациялық  қарым-қатынас қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.

 

 2012 жылы а «Jackal» ойыны Ресейде үстелде ойнайтын ең үздік ойын болып табылды. "Біздің қалада да осы ойынның әуесқойлары табылғаны қуанышты" - дейді бухгалтерлік есеп және аудит кафедрасының оқытушысы және ойынның бас төрешісі Бедыч Евгений.

Ойынның негізгі мақсаты - турнирге қатысушылардың креативті ойлауын, команданы әсерлі басқару мүмкіндіктерін көрөрсете алу болды.  Турнир нәтижесі бойынша екі үздік ойыншы тәтті жүлдемен марапатталды. «Осындай турнирлар, меніңше, тек қана өзімізді жаңа жақтарымыздан ғана көрсетіп қоймай, жоо беріп жатқан білім мен қабілет жағынан да жарысқа түсуге мүмкіндік береді. Келесі турнирді асыға күтеміз!» -дейді турнир жеңімпазының бірі Ауешева Айгерим.


PDF