Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тулуза ұлттық ветеринариялық мектеп (ENVT) профессорларымен кездесу

15-маусым күні ҚМУ-де Тулуза ұлттық ветеринариялық мектеп (ENVT) профессорлары Пьер Санс пен Ги-Пьер Мартиномен кездесу өтті. Шетелдік қонақтар Қазақстандық оқу орындарының Тулуза ұлттық ветеринариялық мектебімен жұмыс жасауы үшін, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ұйымдастырған жобасы бойынша, Қостанайға ат басын тіреді.  Жобаның мақсаты – Қазақстанның  жоғарғы оқу орындарын еуропалық деңгейге көтеру. Профессорлар біздің университетімізбен танысу барысында,  ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің оқытушыларымен кездесті. Факультеттің деканы Азамат Ибраев қонақтарды қазіргі оқу бағдарлмасынан хабардар етіп, бірқатар ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, шетелдік профессорларға облыстық ветеринарлық зертхана, ҚМУ-нің ветеринарлық клиникасы, Білім орталығы көрсетілді.

ENVT

Қонақтар да бейнебаян арқылы өздерінің оқу орнын біздің университет ұжымына таныстырып, ары қарай бірлесіп жұмыс жасау мүмкіндіктері туралы айтты.    


PDF