Экономика факультетінің «Басқару және іскерлік әкімшілік» кафедрасының студенттері арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғыры биікте» атты эссе байқауы өтті.
Байқауға кафедраның 15-тен астам студенттері қатысты. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 1-3 курс студенттері жоғары дайындықпен көзге түсті.
Шараның өткізілу мақсаты – білім алушылардың патриоттық деңгейін және азаматтық ұстанымын анықтау, елге және оның келешегіне құрметпен қарауын қалыптастыру болды. Байқаудың негізгі міндеттері: республиканың прогрессивті дамуын ілгерілету және насихаттау, жастарды толғандыратын мәселелер бойынша көзқарастары мен идеяларын ашық айтуға мүмкіндіктер беру, білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын ынталандыру.
Студенттер желтоқсанның 7-нен 15-ші жұлдызы аралығында тақырыпқа байланысты эссе жазды. Арнайы құрылған әділқазылар алқасы қабылданған эсселерді желтоқсанның 20-на дейін қарастырды. Нәтижесінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курсында білім алып жатқан студенттер: 1-ші орынды Дәулетова Мөлдір, 2-ші орынды Балмаш Абай, 3-орынды Дюндик Максим иеленді. Қатысушылар мен байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.