Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

"Тұтынушылардың құқықтарын қорғауға байланысты заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" дөңгелек үстел

Тарих және құқық факультетінің азаматтық және қылмыстық құқық пен іс жүргізу кафедрасы   «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді. Қоғамдық бірлестіктер мен тұтынушылар арасындағы  өзара қатынас  жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы – Дәулет Қабылбеков аталмыш тақырыпта баяндама оқыды. Ол тұтынушыларға қатысты заң бұзушылық болған жағдайда қандай шаралар қолдану керектігін және қайда хабарласуға болатынын  айтты. Студенттер үшін бұл тақырып қызықты болды. Олар күнделікті өмірде кездесіп жүрген бірқатар мәселелер жөнінде мамандармен ой бөлісті.  

ОПП

 

  


PDF