2015 жылдың 25 қазан күні № 1 Студенттер үйінің жастарын өзара таныстыру, ұжымды біріктіру мақсатында гуманитарлық-әлеуметтік факультетімен «Біз – бір командамыз» атты психологиялық тренинг жүргізілді. Бұл іс-шара психология және педагогика кафедрасының оқытушысы С.Т. Жумарованың ұйымдастыруымен өткізілді. «Психология» мамандығының 4 курс студенттері өздерін тәжірибелі тренерлер ретінде көрсете білді.
Аталмыш іс-шараға Студенттер үйінде тұрып жатқан 7 факультеттің жастары қатысты. Топпен орындалған тапсырмалар қатысушылардың өзара танысып-білісуіне ықпал етіп, оларды ұйымшылдыққа, бірлікке жетелей түсті. Студенттер тренинг барысында ашылып, өз ойларын еркін жеткізіп, бір-біріне деген сенімдері арта түсті. Іс-шара ұйымдастырушылары алға қойған мақсаттарына жетті.