Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері және оларды шешу жолдары

 2019 жылдың 27 қарашасында А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-ң аграрлық-техникалық институтының ветеринарлық медицина кафедрасында «түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері және оларды шешу жолдары» туралы дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқандар: Аграрлық-техникалық институтының директоры Исабаев Азамат Жақсыбекұлы, Ветеринарлық медицина кафедрасының меңгерушісі Аубакиров Марат Жақсылыкович, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ Мансап және жұмыспен қамту орталығының жетекшісі Исмаилова Анара Сабыровна, Мансап және жұмыспен қамту орталығының аға маманы Есетаева Айгүл Мұхаметқали-евна, Ауылшаруашылық техникалық институты директорының мансап және жұмысқа орналасу жөніндегі орынбасары Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы, «Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы» ҚР ВҚК және АШМ мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыру-кадрлық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Абраева Алия Абуовна,  «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы Жанатаева Акалтын Хакимжановна, «Жітіқара ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі » мемлекеттік мекемесінің бас маманы Аркаев Серик Тимошевич, сонымен қатар 5В120100 - Ветеринарлық медицина мамандығы-ның 5 курс студенттері және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Аграрлық-техникалық институтының 5В120100 – Ветери-нарлық медицина мамандығының магистранттары.

 Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері және оларды шешу жолдары

          Кездесу бағдарламасында университеттің мамандарын заманауи еңбек нарығының талаптарына сай даярлау сапасы, ветеринарлық медицина департаментінің облыстық  кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелерімен серіктестіктің болашағы туралы мәселелер талқыланды; дөңгелек үстел барысында 5 баяндама тыңдалды. Ұсынылған баяндамалар ерекше  және қызығушылық тудырды және дөңгелек үстелге қатысушылармен талқылан-ды.

 Түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері және оларды шешу жолдары

Дөңгелек үстелдің нәтижелерін Аграрлық-техникалық институтының мансап және жұмысқа орналастыру жөніндегі орынбасары Бәкір Марғұлан Абдоллаұлы қорытындылады. Олар дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығына белсенді қатысқандары және ынтымақтастықтары үшін алғыс білдірді.

 


PDF