Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тілдер күніне орай «The day of languages in Kazakhstan» іс-шарасы өтті

2018 жылдың 4 қазанында ҚМУ-дың шетел филологиясы кафедрасында Қазақстан халықтарының тілдер күніне арналған «Қазақстандағы тілдер күні» атты байқау түріндегі іс-шара өтті. Іс-шараға «Шетел филологиясы» және «Аударма ісі» мамандықтарының 1 курс студенттері, сонымен қатар «Аймақтану» мамандығының 2 курс көптілді топтарының студенттері қатысты. Студенттер топтарға бөлініп, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдер, жұмбақтар, әндер және идиомалар туралы білімдерімен бір-бірімен бәсекелесті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Нәтижесінде жарыс бойынша  қорытындысы шығарылып, студенттер сертификаттармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды.


PDF