Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

ТАСТАНОВ МЕЙРАМБЕК ҒАБДУАЛИҰЛЫН 70-ЖАС МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ

Физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, бақылау кеңесінің хатшысы – ғылыми хатшы, А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ информатика кафедрасының профессоры ТАСТАНОВ МЕЙРАМБЕК ҒАБДУАЛИҰЛЫ 70-жасқа толып отыр.

 

С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің механика-математика факультетін бітірген соң, Тастанов М.Ғ. барлық саналы ғұмырын ғылым мен білімге арнады. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің математикалық ғылыми мектебінің көрнекті өкілі, альма-матер қабырғасында физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады, доцент ғылыми атағын алды.

Оның еңбек жолы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-мен тығыз байланысты, ол онда әр жылдары басшылық қызметтер атқарды, экономика және қаржы Институты директорының орынбасары, ҚМУ базасында облыстық қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы болды, оқу-әдістемелік бөлімді және оқу-әдістемелік орталықты басқарды, сонымен қатар білім беру менеджменті және мониторингі басқармасының басшысы болды. Сондай-ақ, тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс департаментінің директоры, ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы және стратегиялық даму департаментінің бас маманы болып қызмет атқарды. Ол Бақылау Кеңесінің Хатшысы болып сайланды және қазіргі таңда ғылыми хатшы лауазымында қызметін жалғастыруда.

Оныңфильтрация, электротехника және қаржылық реттеу мәселелерін шешуге арналған 60-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары жарияланған. Ол Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетіндегі «Тұтас орта механикасының шеттік есептері», «Механика мәселелері» ғылыми семинарлардың тұрақты қатысушысы.

ҚР білім саласындағы еңбегі, оқу, тәрбие және әкімшілік қызметіндегі жетістіктері үшін және университеттің дамуына қосқан зор үлесі үшін Тастанов Мейрамбек Ғабдуалиұлына құрметті атақтар берілді: ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілерімен марапатталды. Ол «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін» медалімен және басқа да көптеген медальдар, құрмет дипломдары және грамоталарымен марапатталған.

Көп жылғы жемісті ғылыми-педагогикалық және ұйымдастырушылық-әдістемелік қызметі үшін Тастанов М.Ғ. лайықты құрмет пен беделге бөленді. Оның шығармашылық жолы жоғары кәсіби біліктілік пен үлкен еңбекқорлықтың ғана емес, сонымен қатар білім мен ғылымға қызмет етудің жарқын үлгісі іспетті.

 

Мейрамбек Ғабдуалиұлын мерейлі туған күнімен құттықтай отырып, оған зор денсаулық, бақыт, береке, ұзақ ғұмыр және Қазақстанның жоғары білімі мен ғылымын дамыту жолында шығармашылық табыс тілейміз.

 

философия докторы (PhD) Амантаев М.А.

аға ғылыми қызметкер

«Агроинженерия ҒӨО» Қостанай филиалы

 

Тастанов


 


PDF