Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

«Тамақ өнеркәсібі мен ғылым үшін заманауи зертханалық аспаптар» семинары

Бүгін ҚМУ-дың мәжіліс залында «Тамақ өнеркәсібі мен ғылым үшін заманауи зертханалық аспаптар» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өтті. Іс-шараны DistriTech, Anton-Paar (Австрия) компанияларының белгілі өкілдері Серік Ахметов және Дитмар Крогер мырза өткізді. Маңызы зор кездесуге Қостанай облысы бойынша кәсіпорын өкілдері, университетіміздің ғылыми қызметкерлері, шамамен 40-тан астам адам қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты әлемнің алдыңғы қатарлы, сапасы жоғары аналитикалық және өлшеуіш лабораториялық аспаптармен таныстыру болды. Қатысушылар құрылғылармен теориялық тұрғыдан танысып, тікелей компания өкілдеріне сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

Австриялық Anton Paar компаниясы зертханалар үшін өнімнің сапасын тексеретін дәлдігі жоғары құрылғыларды өндіреді. Дитмар Крогердің айтуы бойынша компанияның негізгі мақсаты құрылғыларды, аспаптарды сату емес, клиенттермен тұрақты байланысты орнату.  

DistriTech компаниясының өкілі Серік Ахметов заманауи құрылғылардың ерекшеліктері, сапасының маңыздылығы және ЖОО-дар үшін зертханалық жабдықтардың жеткізілімі жөнінде баяндап берді. Семинар соңында қатысушылар ойларымен бөлісіп, көрсетілген құрылғы, аспаптармен танысты.

 

ҚМУ-дың баспасөз хатшысы Алла Чечёткина


PDF