Ахмет Байтұрсынов
атындағы Қостанай
өнірлік университеті
Басқа халықтардан кем болмас үшін біз білімді,
бай, hәм күшті болуымыз керек.
Білімді болуға оқу керек, бай болуға кәсіп керек,
Күшті болуға бірлік керек.
А. Байтұрсынов

Тағы бір грант өз иесін тапты!

Гуманитарлық-әлеуметтік факультетінің тіл және әдебиет теориясы кафедрасыныңұйымдастыруымен қазақтың үш бәйтерегінің, С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтың 125 жылдығынаорай және Жастар жылы аясында наурыздың 18-і мен сәуір айының 6-ы аралығында Қостанай облысы жалпы орта білім беретін мектептерінің 11-сынып оқушылары арасында «Білім жарысы» байқауы өткізілді.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезең сырттай өткізілді. Қатысушылар «Кітап-қазына» тақырыбына эссе жазып, электрондық поштаға жіберді. Барлығы 40 жұмыс тіркелді, іріктеліп алынғаны – 21. Екінші кезең университетте өтті. Бұл кезеңде оқушылардың оқу сауаттылығы мен мәнерлеп оқу шеберлігі тексерілді.

Байқау қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен Жангелді ауданындағы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Ақбота Дүйсенбайға университеттің «6В02301-Филология» мамандығында тегін оқу құқын беретін сертификат табысталды. 

Тағы бір грант өз иесін тапты

 

Тағы бір грант өз иесін тапты 2


PDF