ҚМУ-дың экология кафедрасының оқытушылары Г.Б. Юнусова мен А.И. Хасанова «Су қорларды интегралды басқару (СҚИБ): экономикалық және құқықтық аспектілері» атты тренингке қатысты. Тренинг ЕС/ ПРООН/ ЕЭК ООН «Жасыл экономика үлгісіне өту бойынша Қазақстанды қолдау» атты бірлескен жоба аясында Қазақстандық ЖОО су секторының оқытушылары үшін Қазақстандық-Неміс университетінде өтті.
Дәрістер мен практикалық сабақтарды Б.Януш-Павлетта – Қазақстандық-Неміс университетінің профессоры (Алматы), М.П. ван Дейк – ЮНЕСКО су білім беру институтының профессоры (Делфт, Нидерланды), профессор С.Ибатуллин – Қазақстанның БҰҰ ЕЭК кеңесшісі, доцент М.Нарбаев – Аралды құтқару қоры, Қазақстандағы атқарушы дирекциясы, А.Николаенко – GIZ TWMCA аймақтық кеңесшісі өткізді.
Тыңдаушылар гидроэнергетиканың институционалдық және құқықтық ықпал етуі, коммуналдық секторлар мен Қазақстанда өнеркәсіптік кәсіпорындардың тұрақты егіншілікте суды тұтынуы туралы ақпарат алды. Салыстырмалы түрде Африка мен ЕО елдеріндегі жағдайлар мысал ретінде қарастырылды. Бенчмаркинг әдісімен экологиялық және әлеуметтік мәліметтерді экономикалық талдау, суды аймақтық деңгейде тиімді қолдану әдістерін таңдауға мүмкіндік береді (Қытайда, Сингапурде жүзеге асырылған мысалдар) .
Тренингте су ресурстарын бағалау үшін құқықтық және экономикалық ақпаратты қолдану бойынша алынған дағдылар бағалы болды.