2017 жылдың 6 сәуірінде ҚМУ-дың ақпараттық технологиялар факультетінде инновациялық әдістемелік айлық шарасы аясында «Студенттік ортада қылмысты алдын алу» тақырыбы бойынша Ішкі істер департаменті қызметкерлерімен кездесу өтті. Іс-шараға Қостанай облысы Ішкі істер департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасының ерекше істер бойынша аға жедел уәкілі, полиция майоры Ерадилова Айгүл Қабденқызы және Қостанай облысы наркологиялық диспансерінің психологы Масленникова Елена Ивановна арнайы шақырылды.
Студенттер мен оқытушылар Қостанай облысы ІІД есірткіге қарсы күрес басқармасының іс-шараларымен, заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыстық жауапкершілік туралы қосымша ақпаратпен танысты. Мамандар салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттіліктері мен жастар арасында есірткіге қарсы күрес шараларын жүргізудің маңыздылығы туралы әңгімеледі.