Иннова-2020 конференциясының екінші күнінде көптілді топтардың оқытушылары үшін шеберлік сабағы және студенттерді дайындаудағы тәжірибеге бағытталған тәсілдер сөз
болған кездесу өтті. Бұл мәселе төңірегінде «Журналистика және коммуникациялық менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Светлана Химич өзінің жұмыс тәжірибесімен
бөлісті. Оның сөзінше студент тек тәжірибеде ғана алған теориялық білімін толығымен пайдалана алады.
Журналистика кафедрасы аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен 23 келісімшарт жасаған. Осы уақытқа дейін біздің студенттер «Қостанай таңы», «Костанайские новости»,
«Наш Костанай», «Наша газета», «Рассвет»радиосында тәжірибе жинақтап келді. Мұнда әр студентке тәжірибелі редакция құрамынан тәлімгер тағайындалады, бұл олардың
кәсіби біліктілігін арттыруға, қаламын ұштауға көмектеседі. «Қазақстан-Қостанай» облыстық телерадиокомпаниясында Аружан Нұрғалиева, Олжас Адай, Гүлден Қойшыман,
Әйгерім Төлепова және тағы да басқа студенттеріміз «Тобыл таңы» бағдарламасына бейне материалдар әзірледі. Ал Арман Әлібеков есімді студенттің арқасында «Рассвет»
радиосында жаңа бағдарлама пайда болыпты. Айта берсек, мұндай мысалдар жетерлік.
Тәжірибеге бағытталған өнеркәсіптегі сабақтар барлық мамандықтар бойынша жүзеге асып келеді. Облыстың іргелі кәсіпорындарында, мемлекеттік мекемелерде ҚМУ студент-
тері оқу, өндірістік және бір семестр бойы екі жетіде бір тәжірибеден өтеді. Осындай шаралардың арқасында студент пен жұмыс берушінің арасында байланыс қалыптасады,
мұның арты түлектердің тез жұмысқа орналасуына мүмкіндік береді.
PDF